Home HE-MG600 User Manual - page 17
17
Ет тартқыштың алынбалы металл бөлшектері (шнек, торлар, пышақ) қолданған соң тотығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдайда және ақау болып табылмайды.
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
Аспапты ашып, барлық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Аспаптың барлық құрамдастарының барын және зақымдардың жоғын тексеріңіз.
Аспапты «Тазалау және күту» тарауына сәйкес тазартыңыз. Моторлық блокты суға салмаңыз.
Жинар алдында аспаптың барлық бөліктері кебуі тиіс.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҤТУ
Ет тартқышты өшіріп, қозғалтқыштың толық тоқтағанына көз жеткізіңіз.
Аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
Жинаудың кері тәртібінде ашыңыз.
Алынбалы блоктың бекіткіш-түймешігін басып, ет тартқыштың блогын сағат тілімен бұрып, моторлы блоктан ажыратыңыз.
Ет тартқыштың барлық бөлшектерін пайдаланған соң бірден тазартыңыз.
Моторлы блок, электр қоректендіру бауы мен ашаны суға батырмаңыз. Моторлы блокты дымқыл матамен сүртіңіз.
Ет тартқыштың азық-түлікке тиген барлық бөлшектерін жуу құралымен жылы суға жуыңыз.
Тазалау үшін абразивті және хлорлы заттар немесе органикалық еріткіштер қолданбаңыз.
Аспаптың металл бөліктерін (торлар, пышақ, шнек, бекіткіш бұранда, ұяшық, алынбалы блок) ыдыс жуғыш мәшинеде жумаңыз!
Ет тартқыштың металл бөліктерін жуу үшін 40
℃-ден жоғары температуралы ыстық су қолданбаңыз, өйткені бұл олардың тотығуын тездетеді.
Жуған соң металл бөліктерді құрғақ матамен сүртіңіз.
Таза және кептірілген пышақ пен торларды өсімдік майына шыланған матамен сүртіңіз.
Егер ет тартқыш ұзақ уақыт қолданылмаса, оның барлық металл бөліктерін өсімдік майына шыланған матамен сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Аспаптыңкескіш жүздері өте өткір және қауіпті. Жүздерді орнатқанда, алғанда және жуғанда абай болыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электр қоректену
Максималды қуат
Нетто / брутто салмағы
Қорап өлшемдері (Ҧ х Е х Б)
220
– 240 Вольт, 50 Герц
1800 Ватт
2,
77 кг / 3,16 кг
393 мм х 240 мм х 195 мм
КЕПІЛДІК ШЫҒЫН МАТЕРИАЛДАРЫНА (СҤЗГІЛЕР, КЕРАМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КҤЮГЕ ҚАРСЫ ЖАБЫНДЫЛАР, РЕЗИНА НЫҒЫЗДАУЫШТАР МЕН
БАСҚАЛАР) ТАРАЛМАЙДЫ.
Аспап жасалу күнін бұйым қорабындағы сәйкестендіру стикерінде және/немесе бұйымның өзіндегі стикерде табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады,
4-
ші және 5-ші белгі аспаптың жасалу айын, 6-шы және 7-ші белгі жылын білдіреді.
Өндіруші аспаптың дизайны мен техникалық сипаттамаларын алдын ала ескетпей өзгерту құқығын өзінде қалдырады.
Өндіруші зауыт:
Cosmos Far View International Limited
Room 701, 16 apt, Lane 165, Rainbow North Street, Ningbo, China
Қытайда жасалған